Шымкентте коронавирус инфекциясы тараған 57 ошақ тіркелді

0
820

Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған.


Шымкентте коронавирус инфекциясы тараған 57 ошақ тіркелді

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Ал, 5 ошақтан карантин алынды. Олар - Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8 ш / а.Желтоқсан 3А.

Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған. Блок бекеттердің барлығында жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының орта медицина қызметкерлері (фельдшерлер, медбикелер) жұмыс істейді.

Блок-бекеттердің медицина қызметкерлері жеке қорғану құралдарымен (әр ауысымды ескере отырып) және байланыссыз термометрлермен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау басқармасының жанында тәулік бойы режимде COVID-19 бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтарды қоңырау шалу және мониторинг жүргізу үшін 15 адамнан тұратын мониторинг тобы құрылып, жұмыс істеуде.

ҚР ДСМ мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитетінен түскен ақпарат қаланың медициналық ұйымдары мен қызметтеріне жедел түрде беріледі. Мониторингтік топтың жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттері арқылы келген 1592 азамат және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 6418 азаматқа қоңырау шалынды. 112-і азаматқа ІІД арқылы іздеу жарияланды. 2020 жылдың 11 сәуірінен бастап жұмыс "COVID-19 бақылау орталығы" веб-қосымшасы арқылы жүзеге асуда.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жанында Call-орталығы жұмыс істейді. Орталықтың телефон нөмірі 39-33-47. Call-орталығы 105 медициналық ұйыммен біріңғай жүйе арқылы жұмыс істейді. Оның ішінде 33 мемлекеттік мекеме, 72-сі жеке меншік. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап он бірінші сәуірге дейін Call-орталыққа келіп түскен қоңыраулар саны - 5046, қабылданған қоңыраулар саны – 3215 (оның ішінде шағымдар-268, өтініштер-2948).