​Шымкентте коронавирус өршіген Ираннан залалданған қияр әкеліп сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды

0
1 202

Сарапшылардың айтуынша, зиянды жәндіктер адам өміріне қауіп төндірмейді, бірақ ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал әкелуі мүмкін.


​Шымкентте коронавирус өршіген Ираннан залалданған қияр әкеліп сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Шымкентте коронавирус өршіген Ираннан залалданған қияр әкеліп сатпақ болған кәсіпкерге айыппұл салынды, деп ERNUR.KZ.

Бұл жағдайдың мән-жайы "Астана" телеарнасында көрсетілген сюжетте баяндалған.

Бірақ шекара асып келген қиярларда мәселе коронавирустан емес, гүлдің батыс трипсынан туындаған. Абырой болғанда, жәндіктері бар тауар сауда нүктелеріне жетпепті.

Қауіпті инфекция белең алған елден көкөніс әкелген кәсіпкерге 80 мың теңге айыппұл салынды. Ал үш жүк көлігі тексерілген соң 60 тонна қияр тәркіленіп, полигонда жойылды.

Сарапшылардың айтуынша, зиянды жәндіктер адам өміріне қауіп төндірмейді, бірақ ауыл шаруашылығына айтарлықтай залал әкелуі мүмкін. Трипс жылыжайдың 70 пайызын жойып жіберуі ықтимал.

"Егер залалданған өнімнің көзін жоймаса, қауіпті жәндіктер тез тарап кетеді. Оның зияны көп. Ол біздің қалада жылыжай шаруашылықтарына, жеміс- көкөніс дақылдарына залал келтіруі мүмкін",- дейді Шымкент қалалық Агронөркәсіптік кешеніндегі МИК аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.