Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 184-ке жетті

0
663

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.


Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 184-ке жетті

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. (29.04.2020 жылғы сағат 12:50 - дегі мәлімет бойынша)

Вирус жұқтырған 2 науқас өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Науқастардың барлығы Шымкент қаласының тұрғындары.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны 184-ке жетті.