Бұл қаржыға қосымша керек жарақтар алынады.
Шымкентте коронавируспен күреске 181 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Темірхан Варзилов мәлімдеді.
«Заласыздандыру шараларына толық дайынбыз. Сонымен қатар, адам қанында коронавирус бар жоғын 14 күннің ішінде анықтаймыз. Дәл қазіргі уақытта қала бойынша карантинге жатқызылатындар үшін 950 орын дайындалған. Шымкентте коронавируспен күреске 181 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға қосымша керек жарақтар алынады », - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Темірхан Варзилов.