Шымкент қаласында Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясы мен Канаданың Иммиграция, босқындар және азаматтық мәселелері жөніндегі министрлігінің ұйымдастыруымен «Пәкістан мен Орталық Азиядағы қоныс аударған ауғандар үшін көші-қонды басқаруды және қызметтерге қолжетімділікті жақсарту» өңірлік жобасы аясында көші-қонды басқару негіздері бойынша тренинг өтуде.
Іс-шараға Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшылары қатысып жатыр.
Тренинг барысында мигранттардың құқықтары, Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы құқықтық мәселелер, көші-қон жағдайында қорғау қағидаттары және көші-қон үдерістеріндегі гендерлік ерекшеліктер қарастырылуда.
Іс-шараның мақсаты – көші-қон саласындағы мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, тәжірибе алмасу және мигранттардың құқықтарын қорғау мен оларға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылды нығайту.


