Шымкентте Қошқар ата өзененінен өтетін көпір қалыпқа келтіріледі

0
3 950

Көпірдің қазіргі ахуалы талапқа сай келмейді.


Шымкентте Қошқар ата өзененінен өтетін көпір қалыпқа келтіріледі

Жақында Хантәңірі көшесінің тұрғындары Шымкент қалдасы әкіміне хат жолдап, 15 жылдан бері Қошқар ата өзенінен өтетін көпір мәселесінің шешілмегенін жеткізген еді. Абай ауданы әкімдігінің өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, көпір құрылысын қолға алатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұдан бөлек, Қошқар ата өзенінің үстінен салынған көпірдің ашық бөліктері жабылып, жанына темірден қоршаулар орнатылатынын жеткізді.
Бұл көпір 20 жыл алдын №4 үйдің иесі тарапынан соғылған. Уақыт өте келе көше тұрғындары үлкен көшелерге шығу мақсатында қысқа жол ретінде осы көпірді пайдаланған.
Көпірдің қазіргі ахуалы талапқа сай келмейді. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін қоршау болмағандықтан бұл жерде қайғылы жағдай жиі орын алып тұрады.
Хантәңірі көшесінде орналасқан көпір тұрғындардың ұсынысымен уақытша қолданыста. Бұл мәселе түбегейлі шешімін табу үшін аудан әкімдігінің жоспарына енгізілді.