36 жастағы ер кісінің үстіне бетон жабындысы құлаған.
Шымкентте бұрынғы көкөніс базасы аумағындағы сауда үйінің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
36 жастағы ер кісінің үстіне бетон жабындысы құлаған.
Оқиға 22 қаңтарда түскі уақытта болған. Оқыс жағдайды өтіп бара жатқан куәгер көріп, дереу құтқару қызметіне хабарласыпты.
Төтеншеліктердің мәліметінше, сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр алаңда бетон жабындысы құлаған.
"Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының 1985 жылы дүниеге келген тұрғыны бетон плиталарының астында қалды. Оның денесін жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері, жедел-құтқару жасағының 6 қызметкері, апаттар медицина орталығы филиалының бір бригадасы жұмыс істеді", — делінген баспасөз хабарламасында.