Оқиға 3 мамыр күні сағат таңғы 09.30 шамасында орын алған.
Шымкент қаласында автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.
Оқиға 3 мамыр күні сағат таңғы 09.30 шамасында орын алған. Төлеметов көшесінде орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінің автотұрағында тұрған "Daewoo Nexia" жеңіл көлігінен өрт шыққан. Тілсіз жау тұтанған тұраққа жеткен өрт сөндірушілер 2 минутта қызыл жалынды ауыздықтады.
"3 мамыр 9 сағат 37 минутта Шымкент қаласы Төлеметов көшесі Назарбаев Зияткерлік мектебінің көлік тұрағындағы жеңіл автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орны мен өрт сөндіру бөлімінің арасы 5,5 км. Өрт сөндіру қызметі дер кезінде жетіп, оқиға орнында «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігінің толық өртке оранғанын анықтады, жарылып кету қауіпі болды. Өрт сөндірушілер өртті 2 минутта оқшаулады,"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.