Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды

0
892

Саяси менеджмент мектебінің семинары тренингіне 100-ге жуық адам жиналған.


Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды

Шымкентте «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің семинар тренингі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Саяси коммуникациялар» тақырыбындағы семинарға бастауыш партия ұйымы жетекшілері, белсенді мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары қатысуда. Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облысынан да жалпы 100-ге жуық адам жиналған.

Саяси менеджмент мектебінің директоры Шыңғыс Нұрланұлының айтуынша, биыл еліміз бойынша 1700 белсенді азаматты оқыту жоспарланып отыр. Негізгі мақсат – көпшіліктің алдында дұрыс сөйлеу, партиялық бағдарламаларды жеткізу бойынша әдіс, тәжірибелерін дамыту.

Шымкентке жұмыс сапарымен келген Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те дәріс тыңдаушылармен кездесті.

– Бастауыш партия ұйымдары өкілдерінің дәріс тыңдауына барлық жағдайды жасадық. Білім алу, бірлесе тәжірибе алмасудың берері мол. Біз адамдардың санасын дамытуға жұмыс істеуіміз керек. Халықпен дұрыс диалог орнатуға мән берейік. Ең басты мақсат – қарапайым азаматтардың сенімі, – деді Бауыржан Байбек.