Қазақстанның жеті қаласында өтетін, қоғам қайраткерінің мәңгілік мұрасын дәріптеу және оның ұлт дамуына қосқан үлесін насихаттау мақсатындағы кең ауқымды бастаманың бір бөлігі.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Нұртас Оңдасынов – тарих және тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ақпарат үшін:
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов 1904 жылы 26 қазанда Түркістан жерінде дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айырылған. 1922-1927 жылдары Ташкент орман шаруашылығы техникумында оқыды, Мұхтар Әуезовтен дәріс алған.
1938-1951 жылдар аралығында Қазақстан үкіметін басқарды. Үкімет басына келісімен бірінші кезекте елдегі сауатсыздықты жою жұмысын қолға алып, оны сәтті аяқтайды. Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында мұғалімдер институтын ашты.
1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының төрағасы болды. Ал Гурьев облысында басшылық қызмет атқарған жылдары мұнайлы өлкенің дамуына зор үлес қосты.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болған.