Йога жаттығулары әсерлі болуы үшін оларды күнделікті жасаған дұрыс.
Дәрігерлер геморройды емдегенде дәрілік препараттар, дұрыс тамақтануды, көбірек су ішуді ұсынады. Сонымен бірге кейбір йога түрлері, жүзу, серуендеу және емдік гимнастика да жасауға кеңес береді. Мұндай жаттығулар ерекше дайындықты қажет етпейді, кез келген жаста жасауға болады.
Йога іш қатуды болдырмайды және геморройдан емделуде тиімділігі жоғары.
Тау пішіні
Тік тұрып жасалады. Аяқты шамалы ашыңыз. Ауаны ішке тартқан кезде ішті де жаймен ішке тартыңыз, ал қолды жаймен жоғары көтеріңіз, жамбасты шамалы алға қарай итеріңіз. Дем шығарған кезде бастапқы қалыпқа келіңіз.
Тербелген ағаш
Жаттығуды тіке тұрып жасаңыз. Аяқты шамалы ашыңыз. Қолды барынша жоғары көтеріңіз. Содан кейін жаныңызға қарай иіліңіз. Бірақ иілген кезде тек қана бел ғана қимылдау керек. Ал бөксе қимылдамауы тиіс.
Кобраның бұрылуы
Тік тұрып аяқтың арасын ашып, аяқтың ұшымен тұыңыз. Иық пен басты өкше көрінгенге дейін бұрыңыз. Солға бұрылғанда оң аяқтың өкшесі, оңға бұрылғанда сол аяқтың өкшесі көрінуі керек.
Геморрой кезіндегі жасауға болмайтын жаттығулар
Мұндай кезде жасауға болмайтын бірқатар жаттығулар жиыны бар.
- Күш салатын жаттығулар.
- Аяқты қатты сермеу
- 500 г артық салмақтағы гантелдерді көтеру.
- Пресс жасау.
- Отырып-тұру жаттығуы.
- Денені алға қарай бірден қимылдату.
Маңызды!
- Йога жаттығулары әсерлі болуы үшін оларды күнделікті жасаған дұрыс. Тіпті арадағы 2-3 күндік кішкене үзілістің өзі соған дейін жасаған әрекетіңізді жойып жіберуі мүмкін. Күнделікті жаттығу уақыты 10-15 минуттан кем болмағыны жөн.
- Рұқсат етілген жаттығулардың өзін бірден, жылдам және демді ұстап тұрып жасауға болмайды.
- Геморрой кезіндегі кез келген жаттығуды жасамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алғаныңыз дұрыс.
Дайындаған: Э. Базарбаева,