Шымкентте оқушылар 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге барады

0
750

Жазғы лагерьлер бас санитардың бұйрықтары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.


Шымкентте оқушылар 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге барады

Шымкенттік шәкірттер 10 маусымнан бастап жазғы лагерьлерге жіберіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Арысбекқызы мәлімдеді.
Жазғы демалыс кезінде балаларды ата-аналарының өтініштеріне сәйкес лагерьге жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл мемлекет тарапынан жартылай (895) және тұл жетім (157), көп балалы (2 653), сондай-ақ, АӘК алатын отбасының балалары (4 093) қала сыртындағы лагерьде демалады. Ал 22 655 бала ата-аналар есебінен лагерьге жіберіледі. Одан бөлек, 19 маусымға дейін білім ұйымдарында 60 пайызға жуық балаға қосымша сабақ беру жұмыстары басталды, – деді Ж.Тәжиева.
Брифинг барысында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы шомылу маусымына тоқталды.
– Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп, су айдындарында төтенше жағдайдың туындау қаупін төмендету мақсатында бассейн иелерімен 10 меморандум жасады. Яғни, 2021 жылға балалардың (оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды) шомылу орындарында жүзуіне жағдай жасалады. Қазіргі уақытта меморандумға сәйкес 500 баланы жүзуге тегін үйрету жоспарлануда. Сонымен қатар, қалада су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5, шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталды. Бұл ретте олар 2ГИС мобильді қосымшасына енгізілді, – деді М.Жақсыбаев.
Спикердің сөзінше, қалада жыл басынан бері балалармен байланысты жазатайым оқиғалар мен өрт жағдайы тіркелмеген.
Еске салсақ, биыл мектеп бітіру кешінде аниматор, мерекелік агенттік, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастарқан ұйымдастыруға, автомобильдерді жалға алып, қала бойынша көшпелі экскурсиялар өткізуге, мейрамханалар мен кафелерде және басқа да ойын-сауық орындарында бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілмейді.
Айта кетейік, жазғы лагерь бас санитардың бұйрықтары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.