Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғындарды өрттен құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Отырар мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан.
"Полиция қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына барды. Олар уақыт жоғалтпай өрт сөндірушілері келгенше пәтер тұрғындарына өз бетінше көмек көрсетті", - делінген баспасөз хабарламасында.
Тәртіп сақшылары өрт шыққан ғимараттан жаңа туылған нәресте мен мүгедек қарт кісіні алып шыққан.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.