Шымкент орташа жалақы мөлшері 122,8 мың теңгені құрап отыр. Десе де, бұл көрсеткіш республикалық орташа жалақы мөлшерінен төмен.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында орташа жалақы мөлшері 122,8 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев мәлімдеді.
"Қазіргі таңда Шымкентте 275 мың жалдамалы жұмыскерлер бар. Олар белсенді кәсіпорындарда қызмет етеді. Орташа жалақы мөлшері 122,8 мың теңгені құрап, ол орташа республикалық жалақы мөлшерінен 30,2 пайызға төмен" ,- дейді Ержан Жұматұлы.