Мұрат Әйтенов Гагарин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі өткен онлайн қабылдауда азаматтардың басым бөлігі жол мәселесін қозғады.
Қала тұрғыны Жақсылық Елтаев қала әкімінің кезекті қабылдауында Гагарин, Құртаев, Арыстандыкөшелеріндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын сұрады.
Мұрат Әйтенов Гагарин көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын айтты.
-Бүгінгі таңда Гагарин көшесінің Абай даңғылынан Ермат ата көшесі аралығында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Алайда әлі қабылданған жоқ. Ал, Құртаев көшесінің жалғасында тегістеу жұмыстары жүргізілді. Асфальтбетон қабаты салынған. 1 қазанға дейін толық аяқталады, - деді шаһар басшысы.
Арыстанды көшесінің орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлудіқарастыру мақсатында сала басшыларына тапсырма берді.
Одан өзге, азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша біршама шешімдер шығарылды.
Атап айтқанда, Жайлау шағын ауданындағыС.Ахметов көшесіне осы жылы қараша айына дейін асфальт төселетін болды. Ал, №125 мектептен басталатын Полевая көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сметалық құжаттама әзірленіп, келер жылға қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетін болды.