Шымкентте отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасағандар жауапкершілікке тартылды

0
940

Отбасы тұрмыстық салада құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар – 112 және қолайсыз отбасылар саны – 108.


Шымкентте отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасағандар жауапкершілікке тартылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы аумағында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, алдын алу, ана мен баланы қорғау және қоғамдағы отбасының рөлін көтеру мақсатында 2019жылғы25қарашадан 10 желтоқсанаралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр.

Аталған акция аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, қала аумағында билбордтар мен плакаттар орналастырылып, жаднамалар таратылды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ІІО-ның есепте тұрған барлығы 220 тұлғалар тұрғылықты жері бойынша тексерілген. Оның ішінде отбасы тұрмыстық салада құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар – 112 және қолайсыз отбасылар саны – 108.Олардың барлығымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, акция аясында отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылық жасаған 79-тұлғажауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қорғау нұсқамалары шығарылғандар – 74, сотпен құқықбұзушылықтың мінезіне ерекше талап қойылғандар саны – 5.