Шымкентте өткен тәулікте 2360 адам вакцина салдырды

0
419

Егу науқаны басталғалы барлығы 170 593 адам вакциналанды.


Шымкентте өткен тәулікте 2360 адам вакцина салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 27 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында өткен тәулікте 2 360 адам вакцина салдырды: I компонент – 900, II компонент – 1 460. Егу науқаны басталғалы барлығы 170 593 адам вакциналанды. Оның ішінде 76 302 адам вакцинаның екі компонентін алған.

24 мамыр күні шаһарда КВИ-дің 27 жағдайы тіркелді. 10 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы - 6).
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 24 мамыр күні 254 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.