Егу науқаны басталғалы барлығы 164 978 адам вакциналанды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында өткен тәулікте 2 874 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде, I компонент – 1 282, II компонент – 1 592. Егу науқаны басталғалы барлығы 164 978 адам вакциналанды. Оның ішінде 68 472 адам вакцинаның екі компонентін алған.
18 мамыр күні КВИ-дің 81 жағдайы тіркелген. 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 59 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық - 490, «Атамекен» клиникасы - 450, Орынбай ГБОО - 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы - 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы - 6).
Сондай-ақ, өткен тәулікте 721 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.