Инфекциялық стационарда 1696 науқас емделуде.
Қалада соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 507 (белгілері бар – 413, белгілері жоқ – 94) адам анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сонымен қатар, 228 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 279 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2746 орын бар, төсек орын толымдығы 61%-ды құрайды, 1050 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1696 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 395 төсек орын бар, 226 науқас ем қабылдауда.
Осы күнге дейін жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 331 668, тәулігіне – 2890.
Бір тәулік ішінде қалада 8247 адам вакцина алды.
(I компонент-2348, II компонент-5899). Егу науқаны басталғалы барлығы 352 278 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 235 190 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар 23 шілде күні 787 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 19 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырды.
Елімізде эпидахуалдың күрделене түскенін ескере отырып, Шымкент қаласы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына қажеттілік болмаса үйде қалуға, алдын алу ретінде вакцина қабылдауға, жиын-той мен сауық кештерін ұйымдастырмауға, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады.