Шымкентте өткен тәулікте 800-ге жуық адам вакцина салдырды

0
300

Егу науқаны басталғалы барлығы 174 407 адам вакциналанды.


Шымкентте өткен тәулікте 800-ге жуық адам вакцина салдырды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте 766 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде I компонент – 324, II компонент – 442. Егу науқаны басталғалы барлығы 174 407 адам вакциналанды. Оның ішінде 80 700 адам вакцинаның екі компонентін алған.
30 мамыр күні КВИ-дің 39 жағдайы тіркелді (белгілері бар - 23, белгілері жоқ - 16). 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 33 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 37 %, 879 төсек-орын бос.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы тұрақты бақылауда. 30 мамыр күні 176 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.