17 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 74 адам үй бақылауына алынған.
Шымкентте өткен тәулікте КВИ-дің 91 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына қарсы 1 585 адам екпе салдырды. I компонент – 655, II компонент – 930. Егу науқаны басталғалы барлығы 172 165 адам вакциналанды. Оның ішінде 78 532 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, № 2 оңалту орталығы – 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6).
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Өткен тәулікте 248 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 6 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймаққа өтті. Қалада 43 вакциналау пункті бар.