Олар "білім беру саласындағы мәдени іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға қатысты бұрын тіркелген қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін қалалық Экономикалық тергеулер басқармасы қызметкеріне 6 миллион теңге көлемінде пара берді" деген күдікке ілінді.
Шымкентте "пара берді" деп айыпталған Түркістан облысының білім басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеулер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2018 жылы Түркістан облысы білім басқармасының үш лауазымды тұлғасы пара беру кезінде ұсталған. Атап айтқанда, Түркістан облысының білім басқармасы жанындағы Мемлекеттік білім беру комитеті әдістемелік орталығының басшысы Р.Себепова, сол кәсіпорындағы бас есепші А.Кущенко және дене шынықтыруды дамыту бөлімінің бастығы Ұ.Тұтқышбаев ұсталды.
Олар "білім беру саласындағы мәдени іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға қатысты бұрын тіркелген қылмыстық іс бойынша оң шешім қабылдауы үшін қалалық Экономикалық тергеулер басқармасы қызметкеріне 6 миллион теңге көлемінде пара берді" деген күдікке ілінді.
Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен Р.Себепова ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі және 367-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бөлім бастығы У.Тұтқышбаев пен бас есепші А.Кущенко ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Тәркіленген заттай дәлел - 6 миллион теңге ақшалай қаражат мемлекет бюджетіне берілді, - деп хабарлады Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеулер басқармасының баспасөз қызметі.