Таңертеңнен балаларды тосын сый күтті: олар зообаққа барып, көптеген жануарларды көріп, жаңа ақпараттар білді.
ERNUR.KZ. Бүгін “Наурызнаманың” күнінде қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне нағыз мереке ұйымдастырды.
Таңертеңнен балаларды тосын сый күтті: олар зообаққа барып, көптеген жануарларды көріп, жаңа ақпараттар білді.
Керемет көңіл-күйге толы күн түрлі карусельдерде ойнаумен және тәттілермен жалғасты. Балалар әр сәтке қуанып, әсерлерімен бөлісіп жүрді.
Олардың шынайы күлкісі - тәртіпқ сақшылары үшін ең жоғарғы алғыс болды.
Айта кететіні, Шымкент патрульдік полицейлері үшін орталықтың тәрбиеленушілерін әр мерекеде назардан тыс қалдырмай, оларға қуаныш сыйлау дәстүрге айналған.
Бірлік, игі істер мен мейірімділік мейрамы - Наурызда мұндай іс-шаралар жақсылық жасаудың маңыздылығын тағы бір дәлелдеп тұрғандай.