Шымкентте перзентхана маңындағы жарылыстан бір адам көз жұмды

0
1 080

Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған.


Шымкентте перзентхана маңындағы жарылыстан бір адам көз жұмды

Шымкенттегі перзентхана маңындағы жарылыстан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін күндізгі сағат 12:06-да 102 телефонына Ғ.Иляев көшесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түскен.

“Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс нәтижесінде 138 ауруханааралық дәріхана ғимараты жойылғаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс нәтижесінде пайда болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.