Шымкентте полицейлер балақайларды қуантты

0
83

Полиция қызметкерлері балаларға балмұздақ таратып, тағы бір рет қуантты.


Шымкентте полицейлер балақайларды қуантты

Шымкент қаласында аптап ыстыққа байланысты қолайлы орта қалыптастыру жұмысы жалғасуда. Бұл жолы коммуналды қызмет пен полиция қызметкерлері бірігіп, балақайларды қуантты.

Кезекті балалар және ойын алаңдарына арнайы техникадан су шашылып, жиналған балақайларға көбік себілді.
Аптап ыстықта салқындаған балалар мен олардың ата-аналары көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, жадыраған жаздың күнінде асыр салды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері балаларға балмұздақ таратып, тағы бір рет қуантты.
Осы орайда қала әкімдігі тұрғындарды шілденің ыстығында сақтық шараларын ұстануға шақырады.
Бөлісу