Оқиға орнына бірден жедел жәрдем бригадасы шақырылып, бойжеткен медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Шымкентте полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.
Қала аумағында кезекті патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары жол үстіндегі көпір қоршауынан секіруге оқталған жас қызды байқап қалған. Уақыт созбастан дереу көмекке ұмтылған офицерлер оны сабырға шақырып, қауіпті аймақтан қауіпсіз жерге шығарды.
Оқиға орнына бірден жедел жәрдем бригадасы шақырылып, бойжеткен медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.
«Біз үшін азаматтардың қауіпсіздігі – ең басты орында. Кез келген тығырыққа тірелген жағдайда көмекке келу – біздің тікелей борышымыз», – деп атап өтті полиция офицерлері.
Полиция департаменті азаматтарды қиын сәттерде психологиялық көмек қызметтеріне немесе 102 арнасына хабарласуға шақырады.


