Шымкентте ревакцинациялау басталды

0
521

Ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін алғашқылардың бірі болып қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев салдырды.


Шымкентте ревакцинациялау басталды

Шымкентте коронавирусқа қарсы ревакцинациялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

9 ай бұрын инфекцияға қарсы вакцина алған азаматтар қазір медициналық ұйымдарда қайта екпе салдырып жатыр.

Қазірде емханадарда медициналық қыз­меткерлер, санитарлық-эпидемио­логиялық қызмет мамандары екпені қайта салдыруда. Сондай-ақ бұл тізімге педагогтар, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, күштік құрылымдардың қызметкерлері және студенттер кіреді.
Медицина мамандарының сөзінше, мұнан алдын екі компонентті салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет арада бірнеше уақыттардан кейін төмендей бастайды. Ал ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сондықтан екпені үшінші кезеңде жасайтындарға бір ғана дозадан вакцина салынады дейді мамандар.
Ковидке қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін алғашқылардың бірі болып қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев салдырды.
«Вакцинадан кейінгі жағдай бірқалыпты. Қала тұрғындарына айтарым қайта екпе жасатыңзыдар. Себебі біз бұл індетті әлі толық жеңіп шықан жоқпыз. Інжетті жеңуде жаппай иммундаудың маңызы зор екендігін тағы еске салғым келеді»- дейді Шымкент қалалық санитариялық эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты болып отыр.
Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына тұрғындарды вакцинациялау едәуір әсерін тигізді. Бүгінгі күнге қала бойынша жоспарланған 596205 ересек тұрғындарының 571411 (95,8%) коронавирусты инфекцияға қарсы 1 реттік егуін алса, 537051 адам 2 реттік егуін алып, 90,1% құрады.