Бұл пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр.
Шымкент қаласында тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.
Тұрғын үй бағдарламасының кезекті сәтінде Асар-2 шағынауданынан 25 пәтер табысталды.
Салтанатты рәсім «QYZGALDAQ» сарайында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті.
Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғызбасты аналар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Бұл пәтерлер сатып алу құқығымен жалға беріліп отыр.
Айта кетейік, тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жұмысы алдағы уақытта да жалғасады. Қала әкімдігі азаматтардың жеке баспаналы болу мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықтың түрлі санаттарына қолжетімді жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде.


