Шымкентте сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастады

0
934

Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады.


Шымкентте сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастады

2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Яғни, енді банкоматтан ақша шешіп, кез келген тауарды сатып алғанда төлемді қолма-қол жасаудың қажеттілігі жоқ. Бұл шара коронавирус індетінің таралмауы үшін жасалынып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігі хабарлайды.

«Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз уақытша қиындықты бірге еңсеретін боламыз!» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Шымкентте 4 сәуір күні сағат 21:00-ден бастап карантин режимі енгізілді. Карантин режимі аясында барлық мекемелердің жұмысы уақытша тоқтатылды, тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады.