Қалада 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, теңгерімдерінде 114 арнайы техника бар.
ERNUR.KZ. Шымкентте атаулы күн қарсаңында қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімовтің қатысуымен заманауи үлгіде бой көтерген өрт сөндіру депосының ашылу салтанаты өтті.
№3 бөлім Түркістан көшесінде орналасқан ғимараты апатты деп танылған бұрыңғы депоның орнына салынды. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен бой көтерген 4 автокөлікке арналған депо өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде қалада 10 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді, теңгерімдерінде 114 арнайы техника бар. Күн сайын жеке құрамнан 146-ға жуық адам тәуліктік кезекшілікке шығады.
Айта кетейік, қараша айында Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа өрт сөндіру депосы іске қосылған болатын. Қазір мұндай бөлім Сайрам тұрғын алабында салынуда.