Қоқыс артуға және шығаруға арналған 5 жаңа техника қосылды.
Шымкент қаласында тазалық қызметі жаңа техникалармен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күз мезілі келісімен жапырақтар түсіп, тазалық қызметкерлерінің жұмысы арта түсетіні мәлім. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын 6 мердігер мекеме атқаруда.
Соның бірі – көпқабатты үйлерде тұрмыстық қалдықтарды жинаумен айналысатын «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС.
Мекемеде жалпы 18 техника болса, оның қатарына қоқыс артуға және шығаруға арналған 5 жаңа техника қосылды.
Техникаларының жаңаруы ауданның санитарлық-тазалық дәрежесін арттырады.