Іс-шараға тіл мәселесін көтеріп жүрген тіл жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты.
Шымкент қаласында 5 қыркүйек - "Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық кітапханалар тарапынан "Жеңіс" саябағында "Тіл және әдебиет" атты кітап көрмесінде "Оқуға тиіс 10 кітап", "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық", "Қазақша 100 бестселлер" сериясымен шыққан кітаптар, тілдік танымды арттыратын, жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беретін кітаптар ұсынылды.
Өзге этностардың мәдениеті мен тілін құрметтей отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында іс-шараға тіл мәселесін көтеріп жүрген тіл жанашырлары мен қала тұрғындары қатысты. Арнайы шақырылған, қазақ тілінің - ұлттық белгі, халықтық мұра, тәрбие діңгегі, білім-ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны екенін ұғындырып, ана тілімізде сөйлеуді насихаттауда ерекше үлес қосқан бірқатар Шымкент қаласы тұрғындары марапатталды.