Аталған іс-шараның мақсаты - тілдер мерекесін орай жастарды мәдениеттілік пен парасаттылыққа және адалдыққа баулу.
Шымкент қаласында «Тілім менің мәңгілік - кең тұғырым» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Парасат» орталығының белсенді жастары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - тілдер мерекесін орай жастарды мәдениеттілік пен парасаттылыққа және адалдыққа баулу. Сондай-ақ Қазақстан халқының өзге ұлт өкілдерінің тіл құндылығы жайында ой-пікір алмасу.