Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, монша мен үй заттары жанып кеткен

0
1 871

Оқиға орнында ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 23 адамнан құралған жеке құрамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеген.


Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, монша мен үй заттары жанып кеткен

Шымкент қаласында тұрғын үй өртеніп, шатыры мен үй заттары жанып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 16 қыркүйек күні сағат 21.22-де Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Интернациональная көшесі бойында орналасқан тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Сондай-ақ, хабарламада үйге жапсарласа соғылған жалпы көлемі 60 шаршы метр уақытша тұрғын үйдің моншасы мен шатыры және үй заттары толығымен жанғандығы айтылған.

Сонымен қатар, өрт сағат 21.53-те оқшауланып, сағат 22.15-те толық сөндірілген және уақытша тұрғын үйдің ішінен сыйымдылығы 1 дана 25 литрлік, 3 дана 50 литрлік газ баллондары қауіпсіз жерге шығарылған.

Айта кетейік, оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 23 адамнан құралған жеке құрамы, 4 бірлік техникасы мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмыс атқарған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің пайда болу себебі анықталу үстінде.