​Шымкентте үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары басталды

0
513

Өңдеу жұмыстарын жүргізуді «Защита растений» ЖШС медігері қолға алған.


​Шымкентте үйірлі шегірткелерге қарсы күрес шаралары басталды

Биыл Шымкент қаласында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары 12 55 гектар аумақта жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес Абай ауданында – 596, Әл-Фараби ауданында – 75, Еңбекші ауданында – 225 және Қаратау ауданында – 360 гектарға жүргізілетін болады. Өңдеу жұмыстарын жүргізуді «Защита растений» ЖШС медігері қолға алған.
Бүгінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін алдын ала егіс алқаптарында анықтау-зерттеу жұмыстары қолға алынды. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің қалалық филиалы және қалалық аумақтық инспекциясы өзара бірлесіп, анықтау-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі таңда Абай ауданында 150 гектар алқапқа химиялық өңделетін аспалы және тіркемелі бүріккіштермен үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылды.