Шымкентте «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты кездесу кеші өтті

0
5 577

«Өлең мен өнер - өмірлік серігім» атты кітаптың тұсаукесері өтті.


Шымкентте «Ұлттық  қолөнер – ұлы мұра» атты кездесу кеші өтті

Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында ұлттық қолөнер шебері, дизайнерлер және суретшілер одағының мүшесі, ақын Рақымбек Сейітұлымен «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» атты сыр-сұхбат кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мәдени шара ақынның алғашқы кітабы «Өлең мен өнер - өмірлік серігім» атты кітабының тұсаукесер рәсімімен басталды. Сондай-ақ кешке арнайы қонақ ретінде қолөнер шебері Балқия Башабаева, көркемдеуші Нұрали Башабаев және кәсіби тігінші Ұлбосын Телемисова шақырылды.
«Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжінің студенттері қонақтарға көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін форматта пікірлесті. Іс-шара соңында ұлттық әндер орындалып, кітапхана директоры Закира Сембекқызы қонақтарға алғысын айтып, әсерлі кешті қорытындылады.