Шымкентте «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру аясында 109 сот отырысы қашықтықтан өткізілді

0
1 076

Шымкентте 2019 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша сотқа 4206 талап арыз және 145 іс түскен.


Шымкентте «Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру аясында 109 сот отырысы қашықтықтан өткізілді

Шымкент қаласында 2019 жылы Экономикалық соттың атқарған жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының төрағасы М.Майсақанов өз сөзінде:

«2019 жылдың 12 айында азаматтық істер бойынша сотқа 4206 талап арыз және 145 іс түсіп, 3773 іс аяқталған, оның ішінде шешім шығарумен 2962 іс, сот бұйрығын шығарумен 22 іс аяқталған. Ал, 321 талап арыз қараусыз қалдырылса, 323 арыз қайтарылған және 56 іс соттылығы бойынша жолданған. Ал, 412 іс қысқартылып, соның ішінде 170 іс медиация тәртібімен аяқталған. Сондай-ақ, 35 іс тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне және 31 іс талап арыздан бас тартуына байланысты қысқартылған. Өткен жылы қаралып аяқталған 3773 істің, апелляциялық сатыда 31-і өзгертілген және 34 шешім бұзылған. Виртуалды сот» жобасын жүзеге асыру аясында барлығы 109 сот отырысы қашықтықтан өткізілген. Соның ішінде «TrueConf» мобильдік қосымшасы арқылы 98 және ВКС арқылы 11 сот отырысы өткізілген.» - деп баяндады.

Одан әрі сөз алған татуластырушы-судья М.Мұздыбаева сот медиациясына тоқталып: «Татуласу: сотқа дейін, сотта» атты пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында жыл басынан бері татуластырушы судьялардың өндірісіне 468 азаматтық іс түсіп, соның ішінде 205 азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен аяқталған.» – деді.