Шымкентте жаңа металл өндіретін пеш іске қосылды

0
1 887

Онда қорғасын және мыс өнімдері өрдіріледі.


Шымкентте жаңа металл өндіретін  пеш іске қосылды

«Оңтүстік» индустриалды аймағында «Шымкент Смелтинг» ЖШС жаңа металл шығару пешін іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда қорғасын және мыс өнімдері өрдіріледі.

Кәсіпорын жылына 12 000 тонна қара қорғасын, 1600 тонна қара мыс өндіруді жоспарлап отыр. Жобаға жеке инвесторлар тарапынан 2 млрд теңге тартылған. Өндіріс орнында 200-ге жуық адам жұмыс істейді.
Шымкент металлургия саласы бойынша алдыңғы орында. Өткен жылдың өзінде кәсіпорын 1 мың тонна қара қорғасынды «Казцинк» компаниясына, 200 тонна қара мысты Ресейдің Челябинск қаласына жіберді.