Ол 2 кезеңде атқарылады.
Шымкент қаласында пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғаның алдын алу шаралары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық ТЖД тарапынан жыл сайын жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Ол 2 кезеңде атқарылады.
Бірінші кезекте, қала аумағындағы ірі сауда орталықтарында, базарларда қала тұрғындарының арасында жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаменті қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Екінші кезекте, кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу жұмыстары қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, пиротехникалық заттарды сататын ірі сауда орындарына, базарларға рейдтік іс-шаралар жүргізіледі (қала базарлары мен ЦУМ, Мега центр, Баян сұлу, Магнум, Фиркан сауда үйлері).
Айта кетейік, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 483 бабымен жауапкершілікке тартылады.