Шымкентте жаңадан құрылған ауданға 20-дан астам елді мекен енді

0
965

Жалпы Тұран ауданы 9 секторға бөлінген.


Шымкентте жаңадан құрылған ауданға 20-дан астам елді мекен енді

Шымкентте жаңадан құрылған Тұран ауданына 21 елді мекен енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұран ауданы мегаполис аумағының 32%-ын құрайды, яғни жалпы аумағы 36,3 мың га. Халық саны 220,7 мың. Ауданға 21 елдімекен мен тұрғын алабы және орталық аумақтар кіреді.

Олар: Арғымақ, Ақжар, Айкөл, Ақтас, Ақтас-2, Агропром , Жаңаталап, Қорғасын-1, Қазығұрт, Құрсай, К.Маркс, Наурыз, Отырар, Спорт, Самал-1, Кіші Самал, Түркістан, 112 орам, №3, №4, №8 аудандары мен орталық аумақтар.
Ауданда 533 даңғыл мен көше болса, тұрғын үйлер саны - 39 357. Соның ішінде көп қабатты үйлер 526, ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ бар.
Жалпы Тұран ауданы 9 секторға бөлінген. Жаңа аудан әкімдігінің мекен жайы: Байтулы баба, 12А.