Шымкентте жас аналарға "Массаж түрлері” бойынша шеберлік сабағы өткізілді

0
1 594

Аталған шараның мақсаты - үй жағдайында балаларға арналған массаж түрлерін үйрету.


Шымкентте жас аналарға

Шымкент қаласында "Ана үйі" қоғамдық қорының жалғыз басты жас аналарына “Массаж түрлері” бойынша шеберлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімі мен Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен өткізілді.

Аталған шараның мақсаты - үй жағдайында балаларға арналған массаж түрлерін үйрету.

Шара барысында Меруерт Файзуллақызы балаларға емдік массаж, жалпы массаж және жөтелді кетіретін массаж түрлерін жас аналарға үйретті.