​Шымкентте жас мамандарға арналған жазғы мектеп жұмысын бастады

0
1 579

«Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбында жазғы мектеп 24-29 маусым аралығында өтеді.


​Шымкентте жас мамандарға арналған жазғы мектеп жұмысын бастады

Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жастар ортасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбында жазғы мектеп басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

24-29 маусым аралығында өтетін жазғы мектептің жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, дінтану және теология мамандары, медиа-тренер мен бизнес-кеңесшілер қатысуда.

Аталған шараның ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының бас сарапшысы Асет Абжаков, Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов сөз сөйлеп, жазғы мектеп жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Жазғы мектепке Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мен барлық облыстарының жас мемлекеттік қызметшілері, этномәдени бірлестіктерінің жас көшбасшылары қатысуда.

Жазғы мектеп жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында көрсетілген міндеттердің мәнін ашып көрсету, Жастар жылы аясында жас мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру технологиялары бойынша тыңдаушыларды кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру, медиацияның келіспеушілік дауларын шешудің баламалы тәсілі ретіндегі рөлі және мәнімен танысу, тыңдаушылардың бәсекеге қабілетті тұлғаның негізгі дағдысы – көпшілік алдында сөз сөйлеу технологияларын меңгеруі, қоғамдық қатынастардағы діни ағымдарды қарастыру және деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл әдістерін анықтау, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасылады.