​ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

0
61

Мерекелік шарада жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен қала жастары мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, сап түзеді.


​ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

«Шымсити» шағынауданындағы Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі мен салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Салтанатты жиын барысында Мемлекеттік Әнұран шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Қатысушыларға Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігін айқындайтын басты құндылық екені атап өтілді.
Мерекелік шарада жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен қала жастары мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, сап түзеді. Сондай-ақ патриоттық әндер орындалып, жастар елге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Бөлісу