Шымкентте жастармен арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді

0
644

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу.


Шымкентте жастармен арт-терапиялық семинар-тренинг өткізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ашық алаңда Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі мен Оңтүстік Қазақстан жоғарғы медициналық колледжі жастары арасында «Балалық шақ - бақытты аспан астында» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында кездесетін психологиялық теріс түрлі мінез-құлықтардың алдын алу.
Семинар-тренинг жастар арасында командалық құраммен басталып, сайыс түрінде ұйымдастырылды. Тренинг барысында жастар арасында кездесетін психологиялық мінез-құлықтар мен мазасыздықтар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі арт-терапиялық ойындар ойнатылды.

Cондай-ақ, Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір - сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.

Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған кездесу қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі - Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.