Шымкентте жекеменшік мектептер желісі салынады

0
2 208

Шымкент қаласының әкімі мен білім және ғылым вице-министрі өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды


 Шымкентте жекеменшік мектептер желісі салынады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен білім саласына арналған кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында орта білім беру саласына инвесторлар тарту және Шымкент қаласындағы жаңа мектептерді салу, жекеменшік мектептер желісін кеңейту мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар, үш ауысымда білім алатын оқушылардың мәселесін шешу жолдары да талқыға түсті.

Шымкентте осы жылдың мамыр айында 8 мың бала мектеп бітірсе, қыркүйек айында 24 мың оқушы мектеп табалдырығын аттаған. Білім саласындағы мәселелерді шешу және орта білім беру саласына жекеменшік капиталды тарту мақсатында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мен кәсіпкерлік палата директоры Асқар Абубәкіров өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Сондай-ақ Шымкент қаласында Перезиденттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында биылғы жылдың қыркүйек айында 630 студентке жатақхана берілген. Ал 800 студент жатын орын тапшылығын көруде. Осы орайда жаңа типті 500 орынды жаңа жатақхана құрылысын жүргізу үшін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Қаржы орталығы» АҚ директоры Асқар Ибраимов және жеке кәсіпкер Гүлсұлу Қайыпова келісімшартқа қол қойды.

Білім саласындағы мәселелерді шешу жолында біршама істер жайы талқыланды.