Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды.
Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда.
Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілттерді табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.
Пәтерлер Ақжайық, Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Бұл үйлер пайдалануға беріліп, қажет инженерлік желілерге қосылған және белгіленген құрылыс талаптарына сай келеді.
Баспана алу құқығына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар ие болды. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен пәтер беру қала тұрғындарының баспаналы болуына қосымша мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғын үй қорын дамыту және баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.


