Шымкентте «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында өткен жылы 1034 әкімшілік іс қаралып, жалпы сомасы 50 396 250 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынға, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Әбдімүтәліп Бектұрғанов БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Шымкент қалалық сотының ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында төраға өткен жылды қорытындылады. Әбдімүтәліп Елікбайұлының айтуынша, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына барлығы 10 260 іс түсіп, оның 9 721-і қаралған. 817 іс өндірістен, ал 234-і медиатордың қатысуымен қысқартылған.