Шымкенттегі 4 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

0
896

Шымкент қаласының 134 құрамдас бөлігіне атау беру және қайта атау беру жұмыстары жүргізілді.


Шымкенттегі 4 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы 4 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді.


Бұл туралы бүгін Мәдениет, тілдерді дамыту, ономастика және архивтер саласында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында басқарма басшысы Бауыржан Орынтаев айтты.

2024 жылдың 29 қаңтарында Шымкент қаласында орналасқан №3 мектепке Нұрғиса Тілендиевтің, №28 мектепке Фариза Оңғарсынованың, №80 мектепке Ақселеу Сейдімбектің, №85 мектепке Тәуке-ханның есімдері берілді.

Биылғы жоспарға сәйкес, аудан әкімдіктерімен бірге қала аумағында ілінген тақтайшалардың жазылуы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Қаладағы идеологиялық тұрғыда ескірген 65 көшеге қайта атау беруге тиісті аумақ халқымен жиындар өткізу жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, 2023 жылы Шымкент қаласының 134 құрамдас бөлігіне атау беру және қайта атау беру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 саябақ пен 120 көшеге атау берілсе, 12 көшеге қайта атау беру жұмыстары жүргізілді.