Осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігермен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осыдан төрт жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайды. Қазіргі кезге дейін 13,6 шақырымға кабель тартылды.
Жоспар бойынша нысан құрылысы 2024 жылдың сәуір айында аяқталады. Жаңа қосалқы станция іске қосылғанда 50 мыңға жуық халық және сол аумақтағы бизнес объектілері сапалы электр қуатымен қамтылады.
Қала әкімі құрылысты аралау барысында тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.