Шымкенттегі антисептик шығаратын кәсіпорын өз өнімдерінің мөлшерін арттырды

0
1 343

"Ордабасы" индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда.


Шымкенттегі антисептик шығаратын кәсіпорын өз өнімдерінің мөлшерін арттырды

Қала тұрғындарының сұранысын қамту мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов "Асем" ЖШС-нің жұмысымен арнайы барып танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда халық арасында медициналық маска мен қолға арналған антисептиктерге сұраныс жоғары. Сондықтан, Шымкенттегі антисептик өнімдерін шығаратын кәсіпорын жұмыс қуаттылығын арттырған.

"Ордабасы" индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда. Ондағы 30-дан астам жұмысшы үш ауысымда жұмыс істеуде.

Кәсіпорын жұмысымен таныстыру барысында мекеме басшысы Мұхит Асанов нарықта сұраныс туындап жатса, өндіріс қуаттылығын арттыруға дайын екенін жеткізді.